Жолымбет кенішінде күйік шалған екі адам қайтыс болған

Ақмола облысындағы алтын кеніштерінің бірі. (Көрнекі сурет.)

Ақмола облысының Шортанды ауданы Жолымбет ауылындағы кеніште қатты күйіп қалған екі адам ауруханада қайтыс болған деп хабарлайды sputniknews сайты.

Ішкі істер органының ақпараты бойынша, ақпанның 3-і күні таңертең дәнекерлеу жұмысы кезінде екі жұмысшы күйіп қалған. Денелерінің 80 пайызын күйік шалып, тыныс жолдары қатты зақымданған деген диагнозбен ауруханаға жеткізілген екеуі кейін сонда қайтыс болған.

Полиция бұл оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің "абайсызда адам қазасына апарып соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша іс қозғаған.