Қазақстандық шаңғышы универсиаданың қоласын алды

Алматыдағы универсиадаға қатысып жатқан шаңғышылар. (Сурет универсиаданың ресми сайтынан алынды).

Универсиаданың соңғы күні қазақстандық шаңғышы Сергей Малышев 30 километрлік масс-старт жарысында қола медаль алды.

Алтын мен күмісті ресейлік Дмитрий Ростовцов пен Валерий Гонтарь иеленді.

Бүгін, 8 ақпанда универсиаданың соңғы жүлдесі сарапқа салынады. 15:00-де "Халық арена" мұз айдынында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы жарыстың финалы өтеді. Шешуші матчта Қазақстан мен Ресей кездеседі.

Ал 19:30-да "Алматы аренада" универсиаданың жабылу салтанады болады.

Қазір Қазақстанда 11 алтын, 7 күміс, 17 қола медальмен екінші орында тұр. Үшінші орындағы Оңтүстік Кореяда 11 алтын, 5 күміс, 5 қола бар. Ресей 27 алтынмен бірінші орында келеді.