Қазақстан универсиаданы екінші орынмен аяқтады

Универсиадада екі алтын алған қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская.

Алматы 28-қысқы универсиада аяқталды. Ұйымдастырушы ел Қазақстан 11 алтын, 8 күміс, 17 қола медальмен жалпы есепте екінші орын алды. Бірінші орынды 29 алтын, 27 күміс, 15 қола медальмен Ресей иеленді. Үздік үштікке 11 алтын, 5 күміс, 5 қола медальмен Оңтүстік Корея енді.

Жарыстың соңғы күні шайбалы хоккейден ерлер арасындағы финалда Қазақстан құрамасы Ресейден 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Екі елдің құрамасы осымен үшінші рет қатарынан универсиада финалында кездесіп, отыр, Үш финалда да Ресей жеңіске жетті.

Келесі қысқы универсиада 2019 жылы Ресейдің Красноярск қаласында өтеді.