БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура Хомс қаласында болған террорлық жарылыстарды Женевадағы бейбіт келіссөздерге кедергі келтіру әрекеті деп атады. Ол бұл шабуылдар келіссөздер барысына әсер етпейді деп үміттенетінін айтқан.
Сенбі күні алты адамнан тұратын жанкештілер тобы Сирияның Хомс қаласындағы мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен әскери барлау органы орналасқан ғимарат маңында өз өзін жарып жіберген. Жарылыстар салдарынан 40-аса адам қаза болған.
Террорлық шабуылдарға жауапкершілікті "Әл-Қаида" террорлық ұйымының Сириядағы бөлімі саналатын "Жабхат әл-Нусра" ("Нусра майданы") экстремистік тобы мойнына алған.
Сириялық адам құқығын бақылау жөніндегі орталықтың хабарлауынша, жарылыстардан соң қарулы қақтығыстар болып, қала орталығы қоршауға алынған. Сирия үкімет күштері Хомстағы көтерілісшілер позицияларына әуеден соққы берген.