Оралда көлік жүретін басты көпір жөндеуге жабылады

Теміржол депосы ауданындағы көлік жүретін көпір. Орал, 27 ақпан 2017 жыл.

Орал қаласының басшылығы 1 наурыздан бастап қаладағы ең басты көпірлердің бірін екі жылға жөндеуге жабатын болды. Бұл туралы бүгін Азаттыққа қалалық жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Бекжан Түкжанов орталық коммуникация қызметінің жергілікті филиалында өткен брифингте айтты.

Тукжановтың мәліметінше, теміржол депосы ауданындағы ұзындығы 536 метрлік көпір "Қарашығанақ петролеум оперейтинг" (КПО) компаниясының қаржысына жөнделеді. Биліктің бағалауы бойынша, жөндеу жұмыстарының құны 2,3 миллиард теңгені құрайды. Әкімдіктің ақпаратына қарағанда, 1965 жылдан бері жөнделмеген көпірдегі екі көлік жолағын төрт көлік жолағына кеңейту жоспарланған.

Батыс Қазақстан облысының орталығы - Орал қаласы әкімшілік полициясының дерегінше, 300 мың халқы бар Оралда 200 мыңға тарта көлік тіркелген. Соңғы екі жылда жүргізушілер көпірді жанындағы басқа көшелер арқылы айналып өтуге мәжбүр болған. Қалалық әкімдік Оралдағы көлік жолдарының жартысының жай-күйі "көңіл толарлықтай емес".