Қазақстан футбол құрамасын ресейлік маман жаттықтырады

Александр Бородюк

Ресейлік маман Александр Бородюк Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Келісім-шарт үш жылға негізделген.

Бұрынғы бас бапкер Талғат Байсуфиннов федерацияның ұлттық құрама департаментінің техникалық директоры қызметіне ауысты.

54 жастағы Бородюк Совет одағы мен Ресей құрамасында ойнаған. 2002-2012 жылдары Ресей құрамасын жаттықтырды. 2016 жылы Алматының "Қайрат" командасының бас бапкері болып тағайындалған. Бірақ "Қайрат" Қазақстан чемпионатын сәтсіз бастағаннан кейін өз еркімен отставкаға кеткен.