Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) халықаралық футбол ұйымдарымен байланыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды. ҚФФ ресми сайтында хабарланғандай, мұндай шешімді бүгін федерацияның атқару комитеті қабылдаған.
Айсұлтан Назарбаев федерацияның FIFA, UEFA және ұлттық ассоциациялармен байланысын үйлестірмек.
Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-ның бұған дейінгі басшысы Ерлан Қожағапановтың жұмысын жиі сынап, оның қызметінен кетуін талап еткен. Назарбаев ҚФФ-ны басқаруға өз кандидатурасын да ұсынған.
Өткен жылы қазанның соңында Ерлан Қожағапанов "өз еркімен" қызметінен кетіп, орнына Сейілдә Байшақов сайланған.