Француз полицей мергені президент Франсуа Олланд шарада сөйеп тұрғанында қаруымен байқаусызда екі адамды атып жаралады. Оқиға Францияның оңтүстік-батысындағы Вийоньон қаласында болды. Олланд мұнда жаңа пойызды пайдалануға беру шарасында сөз сөйлеп тұрған.
Reuters-тің өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, мерген Олланд сөйлеп тұрған шатырдан жүз метр қашықтықтағы шатыр үстінде тұрған және бағытын өзгерткен кезде шүріппені басып қалған. Аймақтық полиция өкілі екі адамның аяғынан жараланғанын, бірақ өмірлеріне қауіп жоғын айтады.