Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде бүгін Қазақстанның танымал сегіз ақын-жазушысына арналған «Халық жүрегіндегі қаламгерлер» атты көрме ашылды. Биыл елде Мұхтар Әуезовтің 120 жылдық, Ғабит Мүсірепов пен Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдық, Дихан Әбілев пен Ғали Ормановтың 110 жылдық, Әди Шәріповтың 105 жылдық және Әзілхан Нұршайықов пен Сафуан Шаймерденовтің 95 жылдық мерейтойлары атап өтпек.
Көрмеге аталған ақын-жазушылардың өмірінен сыр шертетін жүздеген заттар қойылған. Олардың арасында қаламгерлердің жеке заттары, кітаптары, наградалары, портреттері, афишалар, олардың шығармаларына жазылған иллюстрациялар бар.
Көрменің ашылуына ақын-жазушылардың туыстары да қатысты. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат, Сафуан Шаймерденовтің жары Бағдат пен қызы Индира, Әді Шәріповтің зайыбы Клара, Ғабиден Мұстафиннің қызы Жанар және басқалар болды.
Мемлекеттік орталық музейдегі бұл көрме халықаралық ПЕН-клубтың 48-конгресінің (1986 жылғы қаңтардағы) шешіміне сай наурыздың 3-і күні атап өтілетін дүниежүзілік жазушылар күні қарсаңында ашылып отыр. Жазушының халықаралық бейбітшілік күні деген ресми атауға ие бұл күнді кейбір елдерде жай ғана Жазушы күні деп атайды.