Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді

Алматы облысындағы таулы аймақ. (Көрнекі сурет.)

Наурыздың 4-і күні Алматыдан шығысқа қарай 261 километр қашықтықта 4,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 5:46 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, жердің 15 километр терең қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,1.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.