Қытайдың жоғарғы заң шығару органы ресми өкілі биылғы жылы елдің қорғаныс саласы бюджеті 7 пайызға ұлғайтылатыны туралы мәлімдеген. Армияға жұмсалатын қаржы 150 миллиард долларға жуық сомаға көбейтіліп, оның көлемі АҚШ әскери бюджетінің ширек бөлігіне жеткізілмек.
Қытай билігі өкілдері әскери бюджет көлемі мемлекеттік қауіпсіздік қажеттігіне қарай есептеліп белгіленеді және оған өзге елдермен тайталас немесе сыртқы қатерлер ықпал етпейді дейді.
Қытайдың қорғаныс бюджеті көлемі жағынан әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Қытай армиясы саны бойынша әлемді алда - 2 миллион әскери қызметкері бар. 2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін НАТО жетекшілері өз әскери бюджеттерін алдағы он жылдың ішінде жалпы ішкі өнімнің 2 пайызына дейін жеткізу туралы міндеттеме алған.