"Құрманбек, тірімісің? Масадан қорықпасаң Беларусь еліне кел!"
Your browser doesn’t support HTML5
Қырғызстанда 2010 жылғы сәуірде тұрғындардың наразылығы нәтижесінде шетелге қашуға мәжбүр болған экс-президент Құрманбек Бакиев Азаттыққа сұхбатында елден қалай кеткені туралы баяндады. Ол өзіне Беларус президенті Александр Лукашенконың: «Құрманбек, тірісің бе, масадан қорықпасаң бізге кел» деген ұсынысына бірден келіскенін әңгімеледі. Бакиев қазір отбасымен уақытша резиденцияда тұратынын, Минскінің маңында үкімет берген 15 сотық жер теліміне бес жылдан бері жеке үй салып жатқанын да айтты. Азаттықтың Беларусь қызметі Бакиевтен орыс тілінде алған сұхбаттан үзінді.