"Эйр Астананың" екінші ұшағы әуежайға ақау шығып қонды

Алматы әуежайы (Көрнекі сурет).

"Эйр Астана" әуе компаниясының жолаушылар ұшағы бүгін Алматы әуежайына бір қозғалтқышы ажырап қалған күйде қонды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

"Эйр Астана" компаниясының ақпаратына қарағанда, Астана-Алматы бағытында ұшатын "Боинг-757" жолаушылар ұшағының сол жақ қозғалтқышы ажыраған, бірақ "әдеттегі жағдайда" қонған. Ұшақ бортында 77 адам - 69 жолаушы мен сегіз экипаж мүшесі болған. Төтенше оқиғадан шекім зардап шекпеген. Компания экипаждың қаіпсіздіктің барлық халықаралық талаптарын орындағанын айтады. Қазір әуе компаниясы тексеру жүргізіп жатыр.

"Эйр Астана" компаниясы ұшағынан рейс кезінде ақау шыққаны рет болып отырған жоқ. 3 наурыз күні Алматыдан Оралға ұшып шыққан КС-881 рейсі ұшақ қозғалтқышының ауа тарату жүйесінде ақау шығып, Ақтөбе әуежайына қонған.