Қарағанды облысының бұрынғы әкімі есеп комитетінің төрағасы болды

Көрнекі сурет.

Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Бұл туралы президент жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Әбдібеков бұған дейін Қарағанды облысын басқарып, ол қызметінен бүгін босатылған.

Есеп комитетінің бұған дейінгі төрағасы Қозыкөрпеш Жаңбыршин ақпанның 12-сі күні науқастанып дүниеден озған.