Францияның Грасе қаласында 16 наурызда мектептегі атыстан екі адам жараланып, бір жасөспірім ұсталды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, екі оқушы мұғалімдеріне оқ атқан. Олардың бірі ұсталған, екіншісі қашып жүр. Бұл оқиғаға байланысты қалада террористік қауіп-қатер тәртібі жағдайы жарияланып, мектепке арнайы жасақ сарбаздары жөнелтілді.
Грас өткен жылы шілдеде жүк көлігі қалың топқа барып соқтығысып, 86 адамды таптап өткен Ниццадан 40 километр қашықтықта орналасқан. Францияда 2015 жылы қарашада 130 адам қаза тапқан терактілерден бері төтенше режим жағдайы жарияланған.