АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында кәсіпқой бокстан өткен жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкин америкалық Даниэл Джейкобсты ұтты. 12 раундқа созылған кездесу қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Головкин осымен кәсіпқой рингтегі 37-кездесуін өткізіп, 37-рет жеңіске жетті. Джейкобс 33-кездесуіне шығып, екінші рет жеңілді.
Қазақстандық боксшы WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Бұл жекпе-жек үшін Головкин 2,5 миллион доллар, Джейкобс 1,75 миллион доллар гонорар алады деп хабарланған.