Жексенбі күні Германияның бірқатар қалаларында бірегей Еуропаны қолдаушылар жаппай шерулер өткізді деп хабарлайды Deutsche Welle. Франкфурттегі бұқаралық акцияға үш мыңға жуық адам қатысқан. Берлиндегі шеруге екі адам жиналған. Осындай шаралар Гамбург, Дрезден мен Лейпцигте де өткен.
Бірегей Еуропаны қолдау акциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, АҚШ-та Ақ үйдегі билікке Дональд Трамп келіп, Ұлыбритания Еуропа Одағы құрамынан шығу туралы шешім қабылдаған уақытта демократиялық бірегей Еуропаны қолдайтындар өз пікірін жеткізуі қажет. Олар қазіргі кезде әрқайсысы өз елін Еуропа Одағы құрамынан шығуға үндейтін популист саясаткерлерге қарсы тұрады.
Наурыздың 16-сы күні Нидерландтағы парламент сайлауында елді Еуропа Одағынан шығуға шақырып жүрген әсіре оңшыл ұстанымдағы саясаткер Герт Вилдерстің партиясы жеңіліп қалды. Германияда сәуірдің соңы мен мамырдың бас кезінде прездиент сайлауы, қыркүйекте – парламент сайлауы өтпекші. Аталған екі елде де әсіре оңшыл саясаткерлерге бүйрегі бұратын сайлаушылар аз емес.