АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон қазіргі Ақ үй әкімшілігінің Таяу Шығыстағы басты мақсаты - «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы күресу деп мәлімдеді. Бұл туралы ол террорға қарсы коалицияға қатысушы елдер министрлерінің Вашингтонда өткен кездесуінде айтқан.
Тиллерсонның сөзінше, НАТО ұйымына мүше елдер терроризмге қарсы күреске көбірек күш салулары тиіс. Ол НАТО бойынша одақтас елдерді қорғаныс саласына жұмсайтын қаржыны ұлайтуға шақырған.
Террорға қарсы коалицияға қатысушылардың толық құрамдағы кездесуі 2014 жылдан бері алғаш рет өткізіліп отыр. Конференция Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобын жою үшін халықаралық белсенді іс-қимылды арттыру және исламшыл радикалдармен байланысы бар топтарға қысымды күшейту мақсатын көздейді.