Астанада Қазақстан мен Өзбекстан бірнеше құжатқа қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақордадағы кездесу кезінде. Астана, 23 наурыз 2017 жыл.

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бүгін Астанада өткізген келіссөздері қорытындысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. «Қазақпарат» ресми агенттігінің хабарлауынша, екі елдің президенттері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестікті одан ары кеңейту және тату көршілікті нығайту туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Екі елдің үкімет жетекшілері мен мүшелері деңгейінде аймақаралық ынтымақтастық туралы келісімге, 2017-2019 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық стратегиясына, табыспен бірге қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына, қорғаныс министрліктері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған.

«Өзбекстан – бізге стратегиялық әріптес, көрші әрі баурылас ел. Біздің еліміз өсіп-өркендеп, гүленуін тілейді» деген Назарбаев.

Өзбекстан президенті Мирзияев Астанада өткізген келіссөздері мен Қазақстанға сапарын «тарихи» деп бағалаған.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері сонымен бірге Арал теңізі төңірегіндегі ахуал мен су-энергия кешені мәселелері де талқылаған. Назарбаев ортақ шекарааралық су ресурстарын пайдалану өзеннің төменгі сағасындағы елдерге нұқсан келтірмеуі тиіс» деп мәлімдеген.

Өткен жылы желтоқсанда Өзбекстан президенті болып сайланған Шавкат Мирзияев Қазақстанға бұл жолы тұңғыш мемлекеттік сапарымен келген.