26 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті (ҚХА) 25-сессиясы өтеді деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз қызметі. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХА сессиясын шақыру туралы жарлығы бүгін Ақорланың ресми сайтында жарияланды.
Сессия Бейбітшілік және келісім сарайында "Тұрақтылық, бірлік, келісім - модернизация негізі" деген тақырыппен өтеді. Президент кезекті сессияны ұйымдастыру шараларын үкіметке тапсырған.
ҚХА 1995 жылы құрылған. Ассамблея президент жанындағы кеңес беруші орган саналады және оны президент басқарады.