АҚШ Сирия президенті Башар Асадтың саяси тағдырын Сирия халқы шешетіндігіне бой ұсынуы тиіс деп мәлімдеген Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер. Оның сөзінше, Вашингон «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күреске басымдық бергені жөн.
Осының қарсаңында БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли енді АҚШ үшін Асадты биліктен кетіру басымды мәселе емес деп хабарлаған. Ол Сириядағы гуманитарлық дағдарысты шешу мәселелерінде АҚШ-пен жұмыс істеуге әзір серіктестер іздеуге шақырған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Хейлидің ұстанымымен келісетінін айтқан.
Сирияда азамат соғысы 2011 жылғы наурыз айынан бері жалғасып келеді. Үкімет армиясы қарулы оппозициялық күштерге қарсы соғысып жатыр. АҚШ бастаған ондаған елдердің коалициялық күштері «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы әскери операция жүргізіп жатыр. АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың әкімшілігі Сирия президенті Башар Асадтың биліктен кетуі туралы талап қойған. АҚШ қолдайтын Сирия оппозициялық күштері Асадты барлық өкілеттіктерінен дереу айыруды талап етеді.