Израильде 91 жасында совет және израиль режиссері Михаил Калик ауыр сырқаттан қайтыс болды деп хабарлады ТАСС агенттігі. Режиссер 31 наурызда қайтыс болып, 1 сәуірде Иерусалимде жерленген.
Калик 1927 жылы Архангельскіде туған. Әуелде Ресей театр өнері институтында, кейін Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтында оқыған. 1951 жылы "еврей буржуазиялық ұлтшылдығын қолдады" және "террористік пиғылда болды" деген айыптармен тұтқындалып, үш жыл түрмеде отырған. Кейін ақталып шыққан. 1971 жылы Израильге қоныс аударған.
Калик "Кольбельная", "Человек идет за солнцем", "До свидания, мальчики" және "Любить" фильмдерімен танымал болды.