Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Украинаға бір миллиард доллар бөлуді мақұлдады. ХВҚ-ның Украинаға 17,5 миллиард доллар қаржылай көмек көсрету бағдарламасы бар. Киев мұның есесіне реформалар жүргізіп, коррупциямен күресуі тиіс. Украина президенті Петр Порошенко Facebook-тегі парақшасында транш бөлуді мақұлдау "Украинадағы реформаларды одан ары да мойындау" екенін жазды.
ХВҚ директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Дэвид Липтон Украина экономикасында оңалу белгілері байқалғанын, инфляция деңгейі төмендеп, валюта қоры екі еселенгені байқалғанын мәлімдеді. Бірақ Липтонның сөзінше, Киев коррупцияға қарсы "бұдан да батыл" іс-қимыл жасауы тиіс. ХВҚ займ бөлуді Украинада елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер бақылайтын территорияларға қарсы сауда-саттық эмбаргосы салынған соң тоқтатқан еді.
Өткен жылы қазан айында Киев бір миллиард доллар алған. Бұл - 2015 жылы наурызда басталған қаржылық көмек аясындағы үшінші транш. Осы кезең ішінде ХВҚ Украинаға 7,62 миллиард доллар бөлді.