АҚШ Ресейдің Шешенстан аймағының билігін жыныстық азшылық өкілдеріне қатысты іс-әрекетін сынады.
"Жыныстық ерекшелігіне бола кемінде 100 адамның тұтқындалғаны туралы сенімді көздерден жеткен мәліметтер Шешенстандағы жағдайға алаңдаушылығымызды арттырып отыр" делінген АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Марк Тонердің мәлімдемесінде. Мемлекеттік департаментке түскен деректер бойынша, тұтқындалғандардың көбі азаптап-қинауға ұшырап, кейбірі қаза болған.
"Адамдарды жыныстық ерекшелігіне немесе басқадай негізбен қудалауды табанды түрде айыптаймыз" деген Марк Тонер.
Оның сөзінше, "Шешенстан билігінің жақындағы мәлімдемелерінде бұған дейін ЛГБТ өкілдеріне қарсы жасалған күш көрсетуді ақтайтын және жаңа қуғын-сүргін бастауға айдап салатын сөздеріне Құрама Штаттардың қатты алаңдаушылық білдіреді".
"Біз Ресей федералдық билігін мұндай іс-әрекеттерге қарсылық білдіруге, заңсыз тұтқындалғандарды босату үшін тиісті шаралар қабылдауға, ЛГБТ өкілдерін қудалау фактілеріне әділ тексеру жүргізіп, кінәлілерді жазаға тартуға шақырамыз" деп мәлімдеген АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі.