Бүгін Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 173 күн болған америкалық астронавт пен ресейлік екі ғарышкер Жерге оралады. ХҒС-дағы 50-экспедицияның командирі, америкалық Шейн Кимброу мен ресейлік Андрей Борисенко және Сергей Рыжиков "Союз МС-02" ғарыш кемесінің капсуласын ХҒС-дан ажыратуға дайындалып жатыр. Капсула 10 сәуір күні Астана уақыты бойынша сағат 17:21-де Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай қонады деп жоспарланған.
ХҒС-ға команда беру міндетін астронавт Пегги Уитсон қабылдап алды. Ол құрамында ғарышкер Олег Новицкин мен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Томас Песке бар экипажды басқарады. ХҒС-дан оралған ғарышкерлердің орнына 20 сәуір күні Байқоңырдан астронавт Джек Фишер мен ғарышкер Федор Юрчихин ұшырылмақ.