Әлемдегі ең қарт адам 117 жасында қайтыс болды

Эмма Мораноның (ортада) 117 жасқа толған күні. Вербания, Италия, 29 қараша 2016 жыл.

Италияда әлемдегі ең қарт адам саналатын Эмма Морано 117 жасында қайтыс болған. Ол 19-ғасырда дүниеге келгендерден қалған соңғы адам болатын.

Эмма Морано 1899 жылы қарашаның 29-ы күні туған. Үш ғасырдың куәсі болған бұл адам екі дүниежүзілік соғысты көрген. Ол өмір сүрген уақытта Италияда 90-нан аса үкімет ауысқан.