"Астана" велокомандасы мүшесі Микеле Скарпони қаза болды

Көрнекі сурет.

Қазақстандық "Астана" велокомандсының мүшесі, италиялық спортшы Микеле Скарпони жол-көлік оқиғасы салдарынан қазаға ұшыраған. Бұл туралы батыс ақпарат құралдары хабарлады.

37 жастағы Скарпониді сенбі күні Италияның Филонттрано қаласында таңертеңгі жаттығу кезінде жүк автокөлігі жол қиылысында қағып кеткен. Оқиға орнына дәрігерлер санаулы минуттардан соң келіп жеткенімен ауыр жарақат алған спортшы жап тапсырған.

Кәсіби велоспортшы Микеле Скарпони 2014 жылы қазақстандық "Астаной" командасының құрамына қабылданған. 2011 жылы испан велошабандозы Альберто Кантадор допингпен ұсталып, спорттан шеттетілгеннен кейін Скарпониге "Джиро д'Италия" көпкүндік жарысының жеңіспазы атағы берілген. Сонымен бірге ол "Тиррено-Адриатико", "Вуэльта Каталония" және "Джиро дель Трентино" көпкүндік жарыстарында жеңімпаз атанған.

Ол биыл мамырдың 5-і күні басталатын "Джиро д'Италия" жарысына "Астана" командасының капитаны ретінде қатыспақшы болған еді.