Арменияда ресейлік әскери қызметкерді өлтіріп кеткен

Armenia - Gyumri 2017

Ресей қорғаныс министрлігі Арменияның Гюмри қаласында ресейлік әскери бөлімде келісім бойынша әскери қызмет атқаратын Дмитрий Ялпаевтың сәуірдің 22-і күні кісі қолынан қаза тапқаны туралы хабарды растаған.

Ресейлік әскеридің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалған. Бұл қылмысқа күдікті ретінде денсаулығында психикалық ауытқушылығы бар жергілікті тұрғын ұсталды деп хабарланды. Ол адамды медициналық сараптамадан өткізбек.

Ресейлік әскери қызметкердің жансыз денесі Гюмридегі дүкендердің бірінің жанынан табылған. Оны пышақтап өлтіргені анықталған.