Түркия АҚШ сириялық күрдтерді қолдауын доғарады деген үмітін білдірді. Түркия вице-премьері Нуреттин Чаникли бүгін Анкара "іргесінде Түркияның болашағына қауіп төндіретін террористік ұйымның болғанына төзе алмайтынын" және Вашингтонның дұрыс емес саясаттан бас тартады деп үміттенетінін мәлімдеді.
Түркия күрдтердің әскери "Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтарын" (YPG) Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының бөлімі санайды.
БАҚ-тың хабарлауынша, 9 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияның алаңдаушылығына қарамастан Сирияда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан қарулы күрд жасақтарына тікелей қару-жарақ жеткізуді мақұлдаған. Күрд жасақтары АҚШ-тың қолдауымен Башар Асад режимімен соғысып жатқан "Сирия демократиялық күштерінің" құрамына кіреді.