"Челси" футболшылары алтыншы рет Англия чемпионы атанды

Футболдан ағылшын премьер-лигасындағы "Челси" мен "Тоттенхэм" командалары арасындағы ойын. 2 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет.)

Футболдан Англия чемпионатында "Вест Бромвич Альбион" командасын 1:0 есебімен ұтқан соң "Челси" футбол клубы мерзімінен бұрын ел чемпионы атағын жеңіп алды. Матчтағы жалғыз голды ойынның 83-минутында Миши Батшуайи салды.

"Челси" осымен алтыншы мәрте Англия жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін команда 1955, 2005, 2006, 2010 және 2015 жылдары ел чемпионатын ұтқан. Ресейлік миллиардер Роман Абрамовичтің иелігіндегі команданы 2016 жылғы сәуірден бері италиялық бапкер Антонио Конте жаттықтырады.

Былтыр "Лестер" клубы футболдан Англия чемпионы атанған.