АҚШ авиациясы Сирияда Дамаск мен Иран қолдайтын қарулы құрылымдардың шептеріне әуеден шабуылдады. Дейр әл-Зор провинциясындағы америкалық арнайы жасақ құрылымдары орналасқан Танф базасына бара жатқан көлік колоннасы бомбаланды.
АҚШ қолдайтын қарулы оппозиция өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, әуе шабуылы көтерілісшілер Танфтан 27 километр қашықтықтағы Дамаск - Бағдад жолында үкімет қолдайтын қарулы отрядпен қақтығысқан соң жасалған.
Коалиция күштерінің мәлімдемесінде Башар Асад билігі қолдайтын күштер Сириядағы АҚШ пен оның одақтастарына "қауіп төндіретіні" айтылған.