Мирзияев пен Рахмон Мұсылман елдері және АҚШ саммитіне қатысады

Шавкат Мирзияев (сол жақта) пен Эмомали Рахмон.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 21 мамырда Эр-Риядта өтетін Мұсылман елдері және АҚШ саммитіне қатысады.

Мемлекет басшылары Эр-Риядқа Сауд Арабиясының королі Салман бин Абдулазиз әл-Саудтың шақыртуымен барады.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мирзияев мұнда екі жақты кездесулер өткізбек.

Тәжікстан президенті аппаратындағы дереккөздің хабарлауынша, Эмомали Рахмон саммитте баяндама жасауы мүмкін.

Саммитке Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф, Ауғанстан президенті Ашраф Гани шақыртылған. Кездесуге АҚШ президенті Дональд Трамп қатысады, ол - осы саммит құрылтайшыларының бірі.