Сталиннің немересі, режиссер Александр Бурдонский көз жұмды

Александр Бурдонский, режиссер, Иосиф Сталиннің немересі.

Мәскеуде Иосиф Сталиннің немересі, Ресей армиясы театрының режиссері Александр Бурдонский 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы бүгін театр өкілдеріне сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады. Театр өкілдері Бурдонскийдің жүрегі ауырып, ұзақ уақыт ауруханада жатқанын айтты.

Александр Бурдонский - Ваислий Сталиннің ұлы, совет диктаторы Иосиф Сталиннің немересі. Ол анасының тегіне жазылған. Бурдонский Ресей армиясының театрында 20-дан астам спектакльде қоюшы режиссер болған. Ол сонымен қатар көп жыл Ресей театр өнері институтында дәріс берген.