Панама билігі бұрынғы диктатор Мануэль Норьеганың қайтыс болғанын хабарлады. Норьега 1989 жылы елге АҚШ әскері түсірілген соң биліктен кетірілген.
83 жастағы Норьега өзі билік құрған кезде жасаған қылмыстары үшін, оның ішінде саяси қарсыластарының өліміне қатысты, коррупция және билікті теріс пайдалану айыптары бойынша сотталып, 2011 жылдан бері Панамада қамауда отырған. Бұған дейін ол есірткі контрабандасы және қаржы бопсалау айыптары бойынша 22 жыл АҚШ пен Франция түрмелерінде отырып шыққан.
БАҚ-тың ақпаратына қарағанда, 2017 жылы Норьега миындағы ісікті сылып алатын операция жасалған.