Астанада ЭКСПО кезінде сот отырыстары қаланың ескі бөлігінде өтпек

Астана қалалық соты (Көрнекі сурет).

Астанада ЭКСПО көрмесі кезінде сот отырыстары қаланың ескі бөлігіндегі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді деп мәлімдеді деп мәлімдеді 30 мамырда қалалық сот. Қалалық сот ғимараты Астананың іскерлік бөлігі саналатын Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан.

- Бұл көшпелі сот болады, біз ол жаққа барып тұрамыз, - деді Астана қалалық соты апелляциялық алқасының төрағасы Асқаржан Кенжеғарин сот отырыстарын Есіл өзенінің оң жағалауындағы ғимаратта өткізу туралы шешім туралы хабарлап тұрып.

Астана қалалық сотының ғимараты 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетін территорияға жақын орналасқан.