Лондонның батыс бөлігінде көп қабатты ғимаратта болған өрттен кем дегенде 30 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді деп хабарлады жедел жәрдем қызметі. 27 қабатты Grenfell Tower тұрғын үй ғимаратында 14 маусым күні таңертең шыққан өртті өшіруге 200-ге тарта өрт сөндіруші жұмылдырылған. Әзірге өртті өшіру мүмкін болмай тұр.
Өрт басталғанынан бері төрт сағат уақыт өтсе де ғимараттың бірнеше қабатынан әлі түтін шығып жатыр.
Өрт сөндірушілер өрттің жан-жақты шарпымауы үшін "өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатқанын" айтады.
Өртке куә болғандар пәтерлердің терезелерінен үйде қалып қойған тұрғындардың байқалатынын айтады. Тағы бір куәгерлер ғимараттың жоғарғы қабаттарынан жалынды байқаған.