Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңындағы тау көрінісі. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Алматыдан солтүстікке қарай 75 километр қашықтықта 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8:50 кезінде тіркелген.

Сейсмологтардың мәліметінше, сілкініс ошағы Қазақстан аумағында, 20 километр тереңдіктегі жер қабатында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.3 деп хабарланды.

Қапшағайда МSК-64 шкаласы бойынша 3 балдық жер сілкінісі сезілген.