Порошенко Парижде Макронмен кездеседі

Украина президенті Петр Порошенко мен Франция президенті Эммануэль Макрон.

Украина президенті Петр Порошенко 26 маусымда Парижде Франция президенті Эммануэль Макронмен кездеседі. Порошенко Францияға сапарында сонымен қатар осы ел премьер-министрі Эдуард Филиппен және сенат спикері Жерер Ларшемен кездеседі.

Франция мен Германия 2015 жылы ақпанда Минскіде Ресеймен және Украинамен бірге Донбаста үкімет күштері мен Мәскеу қолдайтын сепаратистер арасындағы соғысты тоқтату мақсатында келісім жасаған. Минск келісімі бойынша тараптар қақтығысты тоқтатып, майдан шебінен ауыр әскери техникалары мен қару-жарақтарын әкетуі және Украина шығысына көбірек автономиялық құқық беру үшін конституциялық реформалар жүргізуі тиіс болған. Бірақ соңғы кездері Украина шығысында әскери іс-қимылдар жиілеген.

БҰҰ Украинада қақтығыс басталғаннан бері 10 мыңнан астам адам қаза тапқанын айтады.