АҚШ: Қазақстанда ішкі адам саудасы әлі де өзекті мәселе болып отыр

АҚШ мемлекеттік департаментінің логотипі (Көрнекі сурет).

Қазақстан адам саудасына қарсы заңды қатаңдатып, мұндай қылмыс құрбандарын қорғауды күшейткенімен, мемлекет ішіндегі адам саудасы әлі де үлкен проблема болып қалып отыр. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі адам саудасы туралы жариялаған жыл сайынғы есебінде айтылады.

"Қазақстан үкіметі адам саудасын жоюдың ең төменгі стандарттарына да сай келмегенімен, соған тырысып жатыр. Үкімет адам саудасымен айналысқандарды қудалап, соттау және адам саудасы құрбандарын қорғауға кәдімгәдей күш салып жатыр. Адам саудасының құрбандары паналайтын төрт орталық ашылып, оларға көмек қорының бюджетін бекіті" делінген есепте.

Мемлекеттік департамент соған қарамастан Қазақстан билігі бірқатар маңызды салада ең төменгі талаптардың өзіне сай келмейтінін айтады. "Заң нормалары "тараптардың бітімге келуіне" рұқсат беріп, адам саудасымен айналысқандардың құрбандарға ақша төлеп, жазадан құтылып кетуіне мүмкіндік тудырып отыр. БАҚ полиция қызметкерлерінің адам саудасына қатысы бары туралы үнемі хабарлайтынына қарамастан, биліктің адам саудасы қылмысына қатысты күдікті полиция немесе шенеуніктердің қылмыстық қудалағаны туралы ақпарат аз" делінген есепте.