АҚШ басшысы Оңтүстік Корея президентімен кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Индмен кездесу ккезінде. Вашингтон. 30 маусым, 2017 жыл.

Жұма күні кешке Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесті.

Кездесуден соң АҚШ президенті "Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы кесімді түрді жауап беруді талап етеді",- деп мәлімдеді. Трамптың айтуынша, Пхеньянға қатысты мәселеде АҚШ пен басқа да бірқатар елдердің төзімі "таусылған". Оның айтуынша, АҚШ Сеул және Токиомен және басқа да серіктестерімен бірігіп, Солтүстік Кореяға қарсы бағдарлама жасақтайтын болады.

Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин АҚШ пен өз елінің Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мәселесіне ғаламдық тұрғыда басымдық беріп отырғанын айтты.

Соңғы айларда Солтүстік Корея бірнеше мәрте баллистикалық зымыран сынаған. Оны көптеген елдер айыптаған да. Трамп та бірнеше мәрте Пхеньянның зымыран сынақтары жиілеткеніне алаңдашылық білдірген. Маусымның басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейткен. Қауіпсіздік кеңесінде санкция туралы қарарды тіпті Солтүстік Кореяның бірден бір одақтасы Қытай да қолдап дауыс берген.