Германия өз аумағында шетелдік саясаткерлердің жиын өткізуіне тыйым салды

Германия туы. (Көрнекі сурет).

Германия үкіметі үш айға дейін елде шетелдік саясаткерлердің жиын өткізуіне тыйым салды.

Үкімет осы тыйымға қатысты Берлиндегі барлық дипломатиялық өкілдіктерге құлақтандыру жіберген. Бұл турасында Германия сыртқы министрлігі хабарлады.

Ендігіде Германия аумағында саяси мәселелер туралы сөйлеймін деген өзге елдердің өкілдері жергілікті биліктен рұқсат алуы керек болады. Бұл шектеу Еуродақ елдері саясаткерлеріне қатысты емес екені айтылған. Бірақ АҚШ президенті сайлауы науқаны мұндай тыйым қатысты еместер тізіміне алынбаған.

Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэлдің айтуынша, жаңа ереже әрқандай бір елдің ішкі саяси тартысын Германия аумағында болдырмау ниетінен туындаған.

Бұдан алдын Германия Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Гамбургтегі түркі диаспорасы өкілдерімен кездесуге тыйым салған. Ердоған шілденің басында "Үлкен жиырмалық" елдері саммитінде осындай кездесу өткізбек болған еді. Оған дейін де Германияда түрік саясаткерлерінің Ердоғанның мүддесін көздейтін конституциялық реформаны насихаттау шарасын өткізуге тыйым салынған болатын. Сол кезде Германияның кейбір қалаларында түрік президентін жақтаушылар мен қарсыластары арасында қақтығыс болған.