Дамаскіде терактіден 18 адам өлді

Your browser doesn’t support HTML5

Дамаск қаласының шығыс бөлігінде шілденің 2-і таңертең үш жанкешті жарылғыш зат орнатылған көлікті жаруды жоспарлаған. Мемлекеттік телеарна таратқан ақпаратта Сирия астанасына кіреберісте екі адамның өз-өзін жарып жібергені айтылған. Үшінші жанкешті қалаға кіріп, оны қауіпсіздік қызметкерлері қоршауға алған кезде өзін жарып жіберген. Осы оқиғалардан 18 адам мерт болған.