Қытай басшысы Ресеймен сауда айналымының артқанын қолдады

Си Цзиньпин, Қытай төрағасы. Мәскеу, 3 шілде 2017 жыл.

Ресей мен Қытай арасындағы сауда айналымы өткен жылы азаю тенденциясынан шығып, 2017 жылы тұрақты түрде арта бастады деп мәлімдеді Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Қытай басшысы 3 шілдеден бері Мәскеуде сапарлап жүр.

"Әлемдік экономиканың баяулауы, мұнай мен басқа да негізгі тауарлар бағасының құбылуы сияқты кері факторлардың ықпалына қарамастан өткен жылы қытай-ресей сауда-саттығы көлемінің азаю тенденциясы тоқтады. Тауар айналымы 69,53 миллиард долларға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты. Биылғы жылдың алғашқы бес айында екі жақты сауда айналымының қарқыны күшейіп, 26 пайызға артты. Жыл соңына дейін сауда айналымы 80 миллиард доллардан асады деген болжам бар" деді Си Цзиньпин ТАСС агенттігңне берген сұхбатында.

Си Цзиньпин Қытайдың ендігі Ресейдің ең ірі сауда әріптесіне айналғанын да айтты. Қытай басшысы сауда айналымын "бұдан ары да арттыруға болатынын" жеткізді. Ол теңіз жолдарын, ең алдымен мұздықтардың еруі мен ғаламдық жылынуға байланысты ашылуы мүмкін "Мұздықтағы жібек жолын" бірлесе игеру мүмкіндіктері барын еске салды.