Германия ішкі істер министрі Томас де Мезьер Германия қауіпсіздік күштері Гамбургте "Үлкен жиырмалық" (G-20) елдері басшыларының саммиті өтетін кезде көшеге сегіз мың демонстрант шығады деп болжап отырғанын мәлімдеді.
Мезьер Гамбургте саммит өтетін 7-8 шілдеде 20 мың полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін айтты. Оның сөзінше, полиция капитализмге қарсы қарсылық акциялары тәртіпсіздікке ұласқан жағдайда оған қарсы шаралар қабылдауға да дайын.