Қазақстандағы 18 миллионыншы тұрғын белгілі болды

Қазақстан мен Алматы облысының картасы (Көрнекі сурет).

Қазақстан халқы 18 миллион адамға жетті деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 18 миллионыншы тұрғын 11 мамырда Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол - Мүслима Саматқызы, дефектолог Диана Омарханова мен оқытушы Самат Бестібаев отбасындағы екінші нәресте.

Елде соңғы рет халық санағы 2009 жылы жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша, Қазақстан халқының саны 16 миллион адамнан асқан.