АҚШ елшісі жұртты Астана күнімен қазақ тілінде құттықтады

Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол. Сурет АҚШ елшілігінің ресми сайтынан алынды.

Facebook әлеуметтік желісіндегі АҚШ елшілігінің парақшасында Қазақстандағы Америка Құрама Штаттары елшісі Джордж Кролдың қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаған видеосы жарияланды.

Онда АҚШ елшісі қазақ тілінде "Астана күні құтты болсын! Астана аспаны ашық болсын! Баршаңызға бейбіт өмір тілеймін" дейді.

АҚШ елшісі Джордж Крол Қазақстан халқын кей мерекелерде қазақ тілінде құттықтап тұрады. Мәселен елдің есінде оның 2015 жылы Қазақстан халқын Наурыз мекересімен құттықтап, құттықтауын қазақ тілінде «Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын!» деген тілекпен аяқтағаны қалған.