Италия полициясы Сирияда "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қатарында соғысқан және 2014 жылғы желтоқсанда Грозныйдағы баспа үйіне жасалған шабуылға қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы Шешенстан тумасы Эли Бомбаталиевті ұстаған деп хабарлады Associated Press.
Сенбі күні италиялық прокуратура өкілдері Бомбаталиевтің Бельгияға аттанғалы тұрған жерінде ұсталғанын хабарлады. Олардың мәлімдеуінше, Бомбаталиев Сирияда жихадшылар жағында соғысқа қатысқаннан кейін Италияға келіп қоныстанған. Оның бұл елде қанша уақыттан бері тұрғаны белгісіз. Полиция Италияда Бомбаталиев "Кавказ әмірлігі" экстермистік тобына адам тартумен айналысқан дейді. Сонымен бірге ол әйелін жанкештілік жарылыс жасауға көндірмек болған деген күдікке іліккен.
2014 жылы 4 желтоқсанда Грозныйдағы баспасөз үйін қарулы топ шабуыл жасап басып алған. Арнайы операция барысында 14 адам қаза тауып, отыздан астам адам жараланған. Бұл террорлық шабуылға жауапкершілікті "Кавказ әмірлігі" экстермистік тобы мойнына алған болатын.