Тегеран метросында пышақпен шабуылдаған кісіні полиция атып тастады

Тегерандағы Азади мұнарасы.

Иран астанасындағы метро станциясында бүгін пышақпен священникке және тағы бірнеше жолаушыға шабуылдаған белгісіз ер адамды полиция атып өлтірген. Тегерандағы жергілікті аудандық әкімшілік өкілінің журналистерге мәлімдеуінше, шабуыл жасамас бұрын әлгі адам священникпен сөзге келісіп қалып, артынан оған пышақпен жарақат салған.

Оқиға куәгерлері жаралыға көмекке ұмтылған сәтте әлгі кісі пышақпен өзге адамдарға тап берген. Полиция оқ атып жаралаған соң ол адам көп ұзамай жан тапсырған.

Тегерандық шенеунік қылмысқа күдіктіні психикалық ауруға шалдыққан адам деп сипаттаған. Метродағы көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілген. Полиция бұл оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр.