Иран президенті Хасан Роуханидің бауыры Хоссейн Ферейдун қаржы қылмысына қатысты айыппен тұтқындалған. Бұл туралы хабарлаған сот өкілі президенттің туысына нақты қандай айып тағылғанын ашып айтпаған.
Сот өкілі "ол кісіге қатысты бірнеше іс бойынша тергеу жүргізілді және сыбайластары ұсталды" деумен шектелген.
Хоссейн Ферейдун Иран президенті Роуханидің көмекшісі болып істеген. Хасан Роуханидің бұрынғы тегі – Ферейдун. Кейін оны Роухани деп өзгерткен. Иранның консервативтік саясаткерлері қаржы қылмыстары мен коррупцияға қатысы бар деп оны бұрыннан айыптап келеді.