Ресейлік "Вконтакте" әлеуметтік желісінде "өлім тобын" құрып, "Көк кит" ойынын ойлап тапқан Филипп Будейкин Тюмень облысы Тобыл аудандық сотының шешімімен үш жыл төрт айға сотталды деп хабарлады ресейлік БАҚ.
Өзін әлеуметтік желіде "Филипп Лис" деп атайтын 21 жастағы Филипп Будейкин 2016 жылы қарашаның 16-сында ұсталған еді. Тергеу болжамынша, Будейкин сыбайластарымен бірге «ВКонтакте» желісінде сегіз жабық топ құрып, жасөспірімдер арасында суицидті насихаттаған әрі оларға «әбден жетілдірілген психологиялық-эмоциялық тактиканың көмегімен» қысым жасаған. Қылмыстық іс деректеріне сәйкес, оған өз-өзіне қол салып, көз жұмған ресейлік 15 жасөспірімді суицидке итермелеген деген айып тағылған.